Ақтауда көктайғақтан жүзден астам адам дәрігер көмегіне жүгінді

317

Дәрігер көмегіне жүгінгендердің екеуі ауруханаға жатқызылды.

Ақтауда көктайғақтан жүзден астам адам дәрігер көмегіне жүгінді Фото: Inbusiness.kz

28-29 қаңтарда Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының қабылдау бөлімінен көктайғақ кезінде зардап шеккен 114 адам көмек алды. Олардың басым көпшілігі әйелдер, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.                                                                                             

"Қолымда балам бар еді. Соған зақым келмесін деп алаңдадым. Бізде көктайғақ кезде жолдарға құм, тұз себу ертерек басталса екен. Әбден халық шулағанда кірісетіні бар",- дейді зардап шегуші.                                                                

Дәрігер көмегіне жүгінгендердің екеуі ауруханаға жатқызылды.

"1958 және 1973 жылы туған екі әйел облыстық аурухананың травматология бөліміне жіберілді. Олар аяқтарын сындырып алды. Екі науқас та операцияға дайындалып жатыр",- деп түсіндірді аурухананың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы қаңтардың ортасындағы көктайғақ кезінде медициналық ұйымның қабылдау бөлмесіне 30 адам жүгінген, олардың үшеуіне шұғыл операция жасаған.                                                                                                          

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу