banner

Ақтауда лейшмания ауруына қарсы фитопрепарат шығарған жас ғалым тұрады

493

Жалпы өңірде 150-ге жуық ғалым бар.  

Ақтауда лейшмания ауруына қарсы фитопрепарат шығарған жас ғалым тұрады Фото: Мәншүк Ибраева

Мәншүк Ибраева – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім алып, ғылым жолында тәжірибесін жетілдірген маман. Бүгінде соңынан ерген ғалымдарға үлгі болып, олардың ғылым саласында өз орнын табуына үлес қосуда. Себебі, ол ғылым мен білімі дамыған елдің ертеңі жарқын болатынына сенімді. Осы ретте жалынды жас ғалымдар легінің көбейгені маңызды деп ойлайды.

Сондықтан да Мәншүк Мұратқызы еңбек жолы басталған С. Аманжолов атындағы университетте бірнеше докторанттың жетекшісі ретінде танылып, талай магистрлік жұмыстың қорғалып шығуына себепші болып жүр.
Мәншүк Мұратқызының ғылыми бағыты – табиғи қосындылардың химиясы немесе фитохимиялық зерттеулер. 

"Ғылыми бағытым бойынша өсімдіктердің құрамынан дәрілік заттарды аламын. Осы уақытқа дейінгі жетістігімнің бірі 2015 жылы Қытайға барып, артемизия өсімдігінің құрамын зерттедім. Нәтижесінде, бактерияға қарсы өнім шықты. Ал 2016 жылы Пәкістандағы Карачи университетінде вербаскум өсімдігіне зерттеу жүргіздім. Құрамынан бұрын әлемде келтірілмеген жаңа екі зат алынды. Сол заттардан фитопрепарат дайындадым. Ол лейшмания ауруына қарсы күшті белсенділік көрсетті. Нәтижелерінің барлығы патенттелген болатын. Осылайша SCOPUS базасына материалдар шыққан еді. Мұндай нәтижеге қолжеткізу үшін тынымсыз еңбек, ізденіс, ерік-жігер мен шыдамдылық қажет. Осы қасиеттер әрбір ғалымнан табылса, шығар шыңымыз биік болар еді", – дейді Мәншүк Ибраева.                                                                        
                                                                                                                                                                             

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу