Ақтауда оқушыны қағып, мерт қылған жүргізушіге үкім шықты

403

Ақтау қалалық соты қоғам назарын аударған іске шешім шығарды. Шаһардың 31а және 31б шағынаудандары арасындағы жолда оқушы қызды қағып кеткен жүргізуші бір жыл бас бостандығынан айырылды.

Ақтауда оқушыны қағып, мерт қылған жүргізушіге үкім шықты Фото: google

Жол-көлік оқиғасы былтыр 29 қарашада орын алған еді. "Nissan" автокөлігін тізгіндеген жүргізуші абайсызда кәмелетке толмаған қос жаяу жүргіншіні қағып кетті. Балалар әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізіліп, бір қыз бала сол күйі есін жимастан, қайтыс болды. 

Прокурор жүргізушіні белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы және оның қорғаушысы соттан жазаны жеңілдетуді сұрады. 

"Сот жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындауды, соттылықтың жоқтығын, мінез-құлқының оң сипаттамасын таныды. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Денсаулыққа абайсызда орташа ауырлықтағы зиян келтіру және абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жәбірленуші тараптың пікірін ескере отырып, 3 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 1 жылға бас бостандығынан айырды",- делінеді сот хабарламасында. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу