Ақтаулықтарды алдаған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

448

"Гауһартасқа" ақша салған үлескерлердің қаржысы заңмен қайтарылмақ.

Ақтаулықтарды алдаған құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

Ақтаудағы үлескерлік даудың қала өрбіп жатқанын өңір басшысы Серікбай Трұмов айтып берді.

"Бұл расымен күрделі мәселе. Әрбір азаматтың қаражаты жоғалып кетуіне байланысты, алданып қалуына байланысты мәселе туындады. Бұл азаматтар өзімнің де қабылдауымда бірнеше болды. Мәселені шешу үшін біз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Яғни, тұрғын үй құрылысында үлескерлікпен салынатын үйлер тек қана әкімдікке тіркелуі керек. Әкімдікте аарнайы тіркеліп барып, осы үлескерлікпен құрылыс жүргізуі керек. Бірақ бұл компаниялар әкімдікке келіп құжаттарын тіркемей, өз беттерімен жеке адамдардың қаражатын тарту арқылы құрылыс жүргізіп жатыр. Мысалы, "Гауһартас" тұрғын үй кешені бойынша тұрғындарды алдап, жұмыс жүргізбегеніне байланысты компания басшысы ұсталды. Яғни бұл азаматқа қылмыстық іс қозғалды. Тиісті қаражатты кейін өндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал енді үлескерлердің мәселесін күнделікті бақылауда ұстап, оны шешуге әрекет жасаймыз", - деді Серікбай Трұмов.

 Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу