Ақтөбе демалыс базасындағы жағдай: 16 жасар жасөспірім ауыр халде

405

Ақтөбеде шаңғы базасында болған оқыс жағдайда жарақат алған  бес адам әлі ауруханада жатыр. Арасында 1,5 жастағы сәби де бар. Ол -  қарда жүретін көлік қағып қайтыс болған келіншектің баласы. 

Ақтөбе демалыс базасындағы жағдай: 16 жасар жасөспірім ауыр халде Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар пациенттердің жағдайы туралы айтты. Демалыс базасында жарақат алған 16 жастағы қыз әлі ауыр халде жатыр. Жабық бас-ми жарақаты, жамбасы зақымданған. Қалған үш бала травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. 1,5 жастағы сәбиге бас миы шайқалуы, жабық бас-ми жарақаты деген диагноз қойып отыр. Тағы бір пациент, 1974 жылғы ер адам облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Жағдайы – орташа ауыр халде.

Естеріңізге салсақ, сенбі күні Ақтөбеде  қарда жүретін көлік тізгіндеген оқушы бір топ адамды қағып кетті. 40 жастағы келіншек сол жерде қайтыс болған. Оқыс жағдай демалыс базасында болған. Полицейлер таратқан ақпаратта кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кеткендігі айтылды. Аталған факті бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу