Ақтөбе облысында құдыққа құлаған сәби қайтыс болды

665

Үй маңында ойнап жүрген бала көшедегі су құдығына құлап кеткен. 

Ақтөбе облысында құдыққа құлаған сәби қайтыс болды Фото: inbusiness.kz

Қайғылы жағдай Ақтөбенің Ясное елді мекенінде болған. 3 метр тереңдікке құлаған ер баланың бас миы, тыныс алу жолдары қатты зақымданған.

 9 сәуір күні баланы біздің ауруханаға алып келді. Жағдайы өте ауыр болды.  Ата-анасы көшедегі құдыққа түсіп  кетті, өте терең, 3,5 метр деп айтты. Дереу жансақтау бөліміне апарып, консилиум кезінде ота жасауға шешім қабылданды. 

Бала комада болды. Кеуде, іш қуысы, өкпесінде зақым болды, қабырғасы сынған. Бірнеше операция жасалды, бірақ соған қарамастан 12 сәуір күні қайтыс болды,- дейді Ақтөбе облыстық балалар ауруханасы дәрігерінің орынбасары Ботагөз Сәренова.

Бала құлаған құдық – өрт сөндіру көліктері су жинауға арналған. Ішінде гидранттар бар. Көліктер су жинаған соң, құдықтың қақпағын жауып кетуі тиіс. Болған жайт туралы "Aqtobe su – energy group"  АҚ-ның диспетчерлік қызметіне  кешкі сағат сегіздер шамасында ақпарат түскен. Кезекші бригада барып қақпаны бекіткен.

Осындай жағдайға  құдықтардың қақпақтарын  ұрлау да әкеліп соғады. Ұрлық жасаған адам оның әрі қарай  қандай жағдайға соқтыратынын,  адам түсіп кете ме- ол жағын ойламайды. Қазіргі таңда мекеме басшылығы бұйрығымен үш күн ішінде  қаланың барлық  ашық тұрған құдықтарына ревизия  жүргізіп бастадық. Ол жұмыстар бұрыннан жасалады.  Мысалы, өткен күзде  өрт сөндіру бөлімімен  бірлесіп барлық гидраннтарды тексеріп шықтық.  Сол кезде  бұл құдықтардың бәрі жабық тұрды. Былтыр 20 млн теңгеге  материал алып,  777 құдық жаптық,- деді "Aqtobe su – energy group"  АҚ бас инженерінің орынбасары Жақсыбай Ашубаев.

Кәсіпорынның қарауында 40 мыңдай құдық бар. Оның 21 мыңнан астамы – су , 15 мыңы – кәріз құдықтары, қалғаны – жылу камералары. Ал бала өлімінен кейін полицейлер тергеу жұмыстарын бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу