Ақтөбе облысында құрғақ шөп өртенді

164

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысы арасындағы шекаралас тұста құрғақ шөп жанып, оны сөндіруге 18 техника жұмылдырылды.  

Ақтөбе облысында құрғақ шөп өртенді Фото: t.me/aqtobe_tjd

Оқиға 22 қыркүйек күні Ақтөбенің Ойыл ауданы Саралжың ауылынан 60 шақырым қашықтықта болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Өрт бүгін таңға жақын сөндірілді. 

– Өртті сөндіруге ТЖД, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 85 адам, 18 техника жұмылдырылды. Өрт 23-қыркүйек күні сағат 03:35-те толық сөндірілді. Зардап шеккен адам жоқ. Елдімекендер мен нысандарға қауіп төнгенбеді, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қыркүйек айының басында Ақтөбе қаласында қоқыс полигоны өртенді. Қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілген еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу