Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік отбасы көз жұмды

384

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік отбасы көз жұмды Фото: polisia.kz

29 наурыз күні Ақтөбе-Астрахань автожолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу