banner

Ақтөбе облысындағы жол апаты: тағы бір мұғалім көз жұмды

2712

Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Ақтөбе облысындағы жол апаты: тағы бір мұғалім көз жұмды Фото: Ақтөбе облысы ПД

Кеше, 1 маусым күні Ақтөбе облысында болған жол апатынан төрт мұғалім көз жұмды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

БҚО білім басқармасының мәліметінше, оқиға орнында жеңіл көлікте отырған Орал қаласындағы №47 мектептің педагог-дефектологы, Бәйтерек ауданы Новенький мектебінің дефектологы және Казталов ауданы К.Меңдәлиев атындағы мектептің логопеді қайтыс болған.

Сондай-ақ, Орал қаласы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің сурдопедагогы ауруханада көз жұмды.

"Сонымен қатар Орал қаласындағы №5 орта мектепте логопед болып жұмыс істейтін 27 жастағы қыз және Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған мектеп-бөбекжай-балабақшасының педагог-дефектологы, 46 жастағы әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қаза болған және жол апатынан зардап шеккен педагогтердің отбасыларына қалалық, аудандық білім беру бөлімдері, мектептер және кәсіподақ тарапынан көмек көрсетілуде" деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында көлік апатынан үш адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу