Ақтөбе облысының бір ауылы бес күн бойы жарықсыз отыр

474

Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылының тұрғындары электр жарығынсыз, сусыз отырғандарына шағымданып әкімдікке барған. 

Ақтөбе облысының бір ауылы бес күн бойы жарықсыз отыр Фото: Inbusiness.kz

Қарауылкелді ауылының  төрт көшесінде жарық жоқ. Атап айтқанда , Жаңақұрылыс, Болашақ, Солтүстік және Аэропорт көшелерінде  жарық қазанның бесінен алтысына қараған түні сөнген.

"Қазанның алтысы жағдай толық тексерілді.  7 қазан күні  Ақтөбеден лаборатория шақырдық Содан бері подстанцияда  жерасты кабельдерін тексеру  жұмыстары жүргізілді.  Мамандар үзілген желіні тапты. Облыс орталығынан кабель алдырып ауыстырамыз",- деді Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Ізбағанбетов.

Аудандық әкімдіктің мәліметінше, жерасты кабельдер әбден ескірген. Шамамен 100 метр желіні жаңалау қажет. Төрт көшеде барлығы 200-ге тарта түтін бар.  Мамандар ақаудың бәрін кешке дейін қалыпқа келтіріп, ауылдықтарға жарық береміз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу