Ақтөбеде ауыл әкімі алаяқтық жасады деп айыпталуда

669

Ол үлкен көлемде жалған несие рәсімдеген.

Ақтөбеде ауыл әкімі алаяқтық жасады деп айыпталуда

Ақтөбе облысында Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық жасағаны анықталды. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметінен белгілі болғандай, ол "Құлан" бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие берген. Алайда, бұл несие шаруа қожалығының иесіне жетпеген. Ауыл әкімі жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдаланып, несие қаражатын өзінің жеке қажеттіліктеріне жаратқан. 

Аталған дерекке сәйкес аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс сотқа жолданып, қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтық жасады деп айыпталған әкім қамауға алынған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу