Ақтөбеде ауыл тұрғындарының жаппай улануының себебі айтылды

405

Оған "Одорант" қоспасының шамадан тыс мөлшерде қосылуы себеп болуы мүмкін. 

Ақтөбеде ауыл тұрғындарының жаппай улануының себебі айтылды Фото: inbusiness.kz

Мұндай болжамды Темір ауданында бес бірдей елді мекенге газ тасымалдаумен айналысатын "Техногаз" компаниясының директоры айтты.

"Біз күнделікті өмірде тұтынатын "метанның"  өткір иісі жоқ.  Газдың ақауын анықтау үшін  "одорант" қолданылады. Оның иісі  шіріген жұмыртқаға келеді.   Бұл жерде сол қоспаның мөлшері шамадан артып кетуі мүмкін.  Қандай да бір комиссия  жұмыс істеп, анықтайтын болары.   Мен өз тарапымнан газ құбырына  ықпал ете алмаймын. Біздің міндет -  құбырмен келген газды қабылдап, әр үйге тарату ғана",- деді "Техногаз" ЖШС бас директоры Руслан Әміртаев.

Өткір иісті газдан тұрғындар басы айналып, жүрегі айнығанын айтады. Кеңқияқ, Шұбарши, Құмсай, Қопа және Саркөл ауылдары осындай шағым айтқан. Ауылдық ауруханаға  түскен сегіз адамның барлығын дәрігерлер тексеріп, үйіне қайтарған. Таңертеңнен бастап ауылға көгілдір отын қайта берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу