Ақтөбеде балалардың улануы көбейген

304

Дәрігерлердің дерегінше, былтыр уланудың 15 дерегі тіркелсе, биыл 33-ке жетті.

Ақтөбеде балалардың улануы көбейген

Көп жағдайда  3 жасқа дейінгі сәбилер ыдыс жууға арналған химиялық заттарды, сірке суын ішіп уланған.

"Өкінішке орай, екі жастағы бір  бала қайтыс болды. Ата-аналар балаларына салғырт қарамай, бас-көз болса екен дейміз. Әсіресе, химиялық  тұрмыстық заттарды, сірке суы сияқты заттарды баланың қолы жетпейтін жерге қою қажет",- дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ботагөз Сәрсенова.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада Ақтөбенің Қобда ауданында 3 пен 5 жастағы екі бала ойнап жүріп, итжидек теріп жеп уланған. Дереу  санитарлық авиациямен ауыр халде облыс орталығына жеткізді. Дәрігерлер  қазір балалардың беті қарағанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу