Ақтөбеде екі жүз ағашты заңсыз кескен

495

Мұндай заңсыздықты ақтөбелік прокурорлар анықтады. Олар  Ақтөбе орман шаруашылығы мекемесінің қызметіне тексеру жүргізген.

Ақтөбеде екі жүз ағашты заңсыз кескен Фото: Ақтөбе облыстық прокуратураның баспасөз қызметі

"Өткен жылы  облыстық табиғи ресурстар басқармасы мен ағаштарды кесумен айналысатын ұйым арасында іріктеп санитарлық кесу бойынша шарт жасалған. Заңнама талаптары бойынша,  ұйымның міндеттеріне алдын-ала бөлу, сондай-ақ арнайы орман-патологиялық тексеру жүргізу кіреді. Алайда, бұл талаптарды орындамай, 236 тірі ағашты заңсыз кескен. Келген шығын 15 млн теңгеден асады", дейді Ақтөбе қалалық прокуратурасының аға прокуроры Земфира Кирбасова. 

Дерекке қатысты  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу