Ақтөбеде газ құбырынан ақау шықты

367

Төтенше жағдай қаланың  "Береке " ауданында болды. 

Ақтөбеде газ құбырынан ақау шықты Фото: Inbusiness.kz

"Сағат кешкі  21-50-де "101" қызметіне шұғыл қоңырау түсті. "Береке" тұрғын үй алабы ауданындағы реттеу станциясында газ жарылысы болғандығы жөнінде хабарламаған. Алайда газ жарылысы емес, газ тұрбасында ақау бар екендігі анықталды", деп хабарлады Ақтөбе облыстық баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету қызметі жіберілді.  

"Береке" тұрғын үй алабындағылар  қалың түтінді көргенде шошып қалған. Газ реттегіш бекеттің маңында қою түтінді көріп, газ жарылысы болған екен деп топшылаған. Артынша, жағымсыз иіс ауада ұзақ тұрғанын айтты. Алайда, арнайы қызметтің мамандары алаңдауға еш негіз жоқ деді. 

"Газ шыққан желіні жаптық. Тұрғындарға көгілдір отынды қосымша желі арқылы беріп жатырмыз. Ақау шыққан жерді жөндейміз. Қазір барлық үйде газ бар. Зардап шеккендер жоқ.",- деді магистралды газ желілері басқармасының басшысы Ділдабай Тайшымов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу