Ақтөбеде көлік ломбардының атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды

445

Күдіктілер қамауға алынды. 

Ақтөбеде көлік ломбардының атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды Фото: Vlast.kz

Ақтөбеде көліктерді алып-сату схемасы бойынша қаржылық пирамида ұйымдастырылған. Салымшылардың көлігін бөліп төлеу арқылы, нарықтағы бағадан қымбатқа сатып алып, үшінші тұлғаларға арзанырақ сатқан, деп жазады inbusiness.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қылмысты агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өңірлік прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп, Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің көмегімен анықтады.

"Auto Seller" ЖШС ломбард кейпіндегі қаржылық пирамида Ақтөбе облысының аумағында 2022 жылғы наурыз айынан бастап жұмыс жасаған. Материалдық залал сомасы 300 млн теңгеден асады. Ломбард қызметкерлері автокөлік иелеріне (тіркеу есебіне қарамастан) көліктерін жоғары бағамен сатып алуды ұсынған. Нотариалды куәландырылмаған, ресми тіркелмеген, бөліп төлеуді көздейтін, сатып алу-сату шарттарын жасасқан. Содан кейін көліктер үшінші тұлғаларға төмен бағамен сатылды, ал түскен ақша өз мүлкін сатқысы келетін келесі салымшыларға төленді", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, "Auto Seller" ЖШС заңды мекен-жайы бойынша тінту барысында техника, заңсыз қызметке қатысты құжаттама, діни сипаттағы әдебиеттер және банк карталары тәркіленді.

Сот шешімі бойынша күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу