Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері көлік ұрлап кеткен

455

Күдікті қамауға алынды.

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері көлік ұрлап кеткен

Ақтөбеде көлік жөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"7 тамызда сағат 00:30 шамасында ЖБО-ның “102” телефонына Ақтөбе қаласы 312-атқыштар дивизиясы даңғылында орналасқан автокөлік жөндеу шеберханасының қызметкерінің Renault Megane Scenic автокөлігін ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция департаментінің барлық жеке құрамы жоғалған көлікті табу мен ұрыны ұстауға бағытталды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ұрланған автокөлікті Абай даңғылында байқап, 38 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Күдікті қамауға алынды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу