Ақтөбеде қызылшаға шалдыққандар ауруханаға сыймай жатыр

319

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қосымша 80 орын ашты.

Ақтөбеде қызылшаға шалдыққандар ауруханаға сыймай жатыр Фото: Inbusiness.kz

Ақтөбеде ақпан айынан бері 828 пациенттен қызылша анықталған.Қазір ауруханада 81 адам ем алып жатыр. Оның 13-і ересек, қалғаны - балалар. Ең алғаш Түркияда демалып келгендер жұқтырыпты. Дәрігерлердің айтуынша, дерт күннен күнге дендеп бара жатқанымен, аймақта эпиджағдай - тұрақты.

"Облыстық инфекциялық аурухана 75 орынға арналған. Науқас санының көбеюіне байланысты "Шағала" шипажайынан тағы 80 орын бөлдік.

Жеңіл түрімен ауырғандарды үйіне жіберіп, ал ларингит, бронхит, астмаға айналу қаупі бар пациенттерді ауруханаға жатқыздық. Індеттің басты емі - вакцина қабылдау. 1 жастағылар, кейін 6 жаста ревакцинация жасалады.

Қазір 0 жастан -18 жасқа дейін,18 бен 30 және 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлері қызылшаға қарсы екпені қосымша алып жатыр" - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы  басшысы Рүстем Исаев.

Республикалық бюджеттен 90 млн теңге бөлініп, оған 30 мың вакцина сатып алған.

Дәрігерлер індет қараша айының ортасында шарықтау шегіне жетіп, кейін саябырлайтынын айтты. Өйткені, екпе екі аптадан кейін әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу