Ақтөбеде оқушылар апатқа ұшыраған көліктің жүргізушісі қамауға алынды

3308

Қамауға алынған жігіт – педагог. 

Ақтөбеде оқушылар апатқа ұшыраған көліктің жүргізушісі қамауға алынды Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Оның үстінен "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бабымен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қамауға алынған жігіт – педагог.  Жаныс би ауылындағы  Темірастау орта мектебінде еңбек етеді.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар оның апаттан жарақат алмағанын, бірақ психолог көмек беретінін айтқан еді.

Жол-көлік апатында қайтыс болған оқушылардың бірі жүргізушінің жақын туысы екендігі айтылды.

ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлігінде "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады" делінген. 

Естеріңізге салсақ, бүгін таңертең Ырғыз ауданына бара жатқан жолда жеңіл көлік жүк көлігіне соғып, мұғалім мен екі кәмелеттік жасқа толмаған оқушылар қайтыс болған еді. Олар республикалық пәндік олимпиаданың аудандық іріктеу кезеңіне бара жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу