Ақтөбеде өткел опырылып ортасына түсті

385

Оны тұрғындар өз күштерімен салған. 

Ақтөбеде өткел опырылып ортасына түсті Фото: inbusiness.kz

"Көктем" ауданындағы көпірді он шақты жыл бұрын сол маңға көшіп келген тұрғындар салыпты. Кейін ауданның аумағы үлкейіп, құрылыс жүргізіп жатқан жүк көліктері жиі қатынайтын болған. Жуырда сондай алып жүк көліктерінің бірі өткен сәтте, көпір шыдас бермей, ортасына түсіпті.

"Әу баста бұл жерде көпір болған жоқ негізі. Үй салып бастағанда, көршілер қаражат жинап, өз қаражатымызға салғанбыз. Құрылыстан қалған плиталар, басқа да материалды пайдаландық. Оның да тозығы жеткен шығар, өткенде материал тиеген ауыр техника өтіп бара жатып, опырылып кетті. Жол салып жатқан құрылысшылар осы ескі көпірді жанынан созамыз да қоямыз дейді.  Олай болмайды ғой",- дейді  қала тұрғыны Сұлтанбек Тәшкенбай.

Көліктер "Көктем" ауданындағы көшелер мен  Бөгенбай батыр көшесін жалғап тұрған көпірдің жартысымен жүріп жатыр. Аудандағы көпір ғана емес, көшелерінің жағдайы да мүшкіл. Мағжан Жұмабаев көшесін жөндеуді бір жыл бұрын бастаған, алайда әлі аяқталмай жатыр.

"Жұмыстар 2022 жылы басталған болатын. Тоқтап қалған себебі- құрылыс материалдары қымбаттап кетті де, соған байланысты жобаға түзету енгізуді күтіп отыр. Біз өз тарапымыздан  құжаттарды дайындап,  облыстық автомобиль жолдары басқармасына  бердік. Әрі қарай аудиторлық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қазір инженерлік желілерді техникалық талапқа сай келтіру жүріп жатыр. Келесі жылға ауыспалы нысан болады",- деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Әділбек Ахмет.

Ұзындығы 1 шақырым болатын көшенің жолын асфальттауға 200 млн теңге шамасында қаржы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу