Ақтөбеде пойыз бастығын өлтірген жігіт 20 жылға сотталды

247

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 9-тармағы (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп танылды.  

Ақтөбеде пойыз бастығын өлтірген жігіт 20 жылға сотталды Фото: diapazon.kz

Ақтөбеде жолаушылар пойызы бастығының өлтірілуіне қатысты іске үкім шығарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот 28 жастағы айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Қанды қылмыс биыл 6 тамыз күні таңғы сағат 04:00 шамасында қала орталығында орын алды. Сол күні теміржолшылар кәсіби мерекені атап өтті. Олар жолдан өтіп бара жатқан жас жігіттен темекі сұраған кезде жанжал туындап, сол сәтте пойыз бастығы Ерсұлтан Мұханбетәлі кеуде тұсынан 6 рет пышақтаған. Ақыры ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Сотталушы Бауыржан Қабдуллов өзін қорлап, ұрған адамнан қорғанғанын мәлімдеді. Айыпталушының жары сот үкімін тыңдаған соң көзіне жас алды. Ол кәмелет жасына толмаған бір қызды тәрбиелеп отыр. 

Сонымен қатар, сотталушы моральдық зиян үшін 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді. Қаза тапқан Ерсұлтан Мұханбетәлінің артында 3 баласы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу