Ақтөбеде шекарашыны атып өлтірді

1013

Оқиға  "Қиялы" шекара заставасында болған. 

Ақтөбеде шекарашыны атып өлтірді Фото: pexels.

2 желтоқсан күні "Қиялы" шекара заставасында келісім-шартпен еңбек еткен әскери, әріптесімен сөзге келіп қалып, артынша өзінің қаруынан оқ атады. Жарақат алған адам жедел жәрдем көлігінде жан тапсырған.

Әскери прокурорлардың хабарлауынша, күдікті ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Белгілісі, марқұм әскери де, оған қару кезенген қызметкер де – Ақтөбе облысынан. 

"Бұл дерек бойынша  Батыс өңірлік әскери тергеу  басқармасының Ақтөбе бөлімі қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша   сотқа дейінгі тергеу бастады. Басқа мәліметтер қылмыстық процестік кодекстің 201- бабына сәйкес жария етуге жатпайды", — деді Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры Ролан Жанысбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу