"Үйлеріңізден шығуды сұраймын": Ақтөбе қаласының әкімі шұғыл ескерту жасады

4019

Ақтөбеде су қоймасының жарылу қаупі бар. 

"Үйлеріңізден шығуды сұраймын": Ақтөбе қаласының әкімі шұғыл ескерту жасады Фото: imghub.ru

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімнің айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.

"Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға және үйлерін тастап кетуге келісім берулерін сұраймын", – деді әкім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу