Ақтөбеде телеарна қызметкерлері сотталды

452

Ақтөбедегі телеарнаның бас есепшісі, сатып алу жөніндегі маман-заңгері және есепшісі сот алдында жауап берді.

Ақтөбеде телеарна қызметкерлері сотталды Фото: google.com

"Қазақстан" телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы  Ақтөбе филиалының үш бірдей қызметкеріне Қылмыстық кодекстің "Қызмет бабын пайдалана отырып, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену"  бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ақтөбедегі телеарнаның бас есепшісі, сатып алу жөніндегі маман-заңгері және есепшісі сот алдында жауап берді. Тергеу материалдарында көрсетілгендей, олар алдын ала сөз байласу арқылы  бағдарламаларды түсіруге, іс-шараларды ұйымдастыруға, сурдоаударма жасауға, мерекелік бағдарламаларды өткізуге, дезинфекциялауға, декорациялауға байланысты қызметтерді көрсету бойынша жалған төлем операцияларын жасау жолымен жымқыру нәтижесінде акционерлік қоғамға 89 млн  теңге материалдық залал келтірген.  Бұл әрекеттерін олар  2018 жылғы ақпаннан 2021 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жасаған. 

Өзіне тағылған айыпты есепші ішінара мойындаса, бас есепші мен сатып алу жөніндегі заңгер мойындамаған.  

Мемлекеттік айыптаушы бас есепші мен сатып алу жөніндегі заңгерді 8, ал есепшіні 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды, оларды өмір бойына коммерциялық және мемлекеттік ұйымдарда 10 жылға басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыруды сұрады.

Сот үкімімен үш қызметкерге де  7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу