Ақтөбеде төрт жолаушы қайтыс болған ірі көлік апатына қатысты сот отырысы басталды

608

Сотта жеңіл көлікті жүргізген 27 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны жауап беріп жатыр. 

Ақтөбеде төрт жолаушы қайтыс болған ірі көлік апатына қатысты сот отырысы басталды Фото: Ақтөбе облыстық ПД

Оған қылмыстық кодекстің көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бабы бойынша айып тағылды.

Төрт адамның өмірін жалмаған сұмдық жол апаты маусым айында болған еді. Ара қашықтықты сақтамаған Жеңіл көлік  Самара-Шымкент тас жолының Қобда ауданы Өтек ауылының маңайына келгенде жүк көлігіне барып соғылған. Салонында отырған  үш адам сол жерде мерт болды. Қалған төртеуін аудандық ауруханаға жеткізгенімен, біреуі  отадан соң жан тапсырған еді.

Алдын ала сот отырысында сотталушы болған жайтқа өкінетінін айтып, көзіне жас алды:

Сол күні таңғы алты жарымда жолға шыққан болатынбыз. Ұйқым қанық болды, ішімдік ішкен жоқпын. Соңғы рет Жымпитыда "завправка" жасап алғаным есімде қалды. Есімді ауруханада жидым. Екі күн жансақтау бөлімінде  жаттым. Болған жағдай үшін қатты өкінемін. Жәбірленушілерден кешірім сұраймын. Әдейі жасаған жоқпын, абайсызда болды. Кім-кімге де оңай соқпады бұл жағдай. Бәрін ойласам, күні-түні ұйқы жоқ,- деді сотталушы Асылжан Қоштан.

Көлік жүргізушісінің ісі Ақтөбе облысы Қобда аудандық сотында қаралып жатыр.

Еске сала кетсек, жеңіл көлікте болған жолаушылардың барлығы – Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Барлығы білім беру мекемелерінде еңбек еткен. Ақтөбеге емтихан тапсыруға келе жатқан беті екен. Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университеттің қашықтықтан оқыту технологиялары әдісімен білім алған. Бір топта, бір мамандықта оқитын болған соң, бәрі такси жалдапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу