Ақтөбеде тұрғындар жол жөндеп жатқан компанияға наразы

362

Қаланың Мәскеу ауданындағы көшені жөндеу жұмыстары басталмай жатып тоқтап қалды. 

Ақтөбеде тұрғындар жол жөндеп жатқан компанияға наразы Фото: inbusiness.kz

Ақтөбеде тұрғындар жол жөндеп жатқан мердігер компания ескі асфальт жабындысын  жинап, сол күйі тау қылып үйіп кеткенін айтып шағымданып отыр, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бұл жұмыстарды бастағанына 15 күндей болды. 2006 жылдан бері тұгам осы көшеде, содан бері жөнделгенін көрмеппін. Естігенде - қуандық. Бірақ, биыл бітетін түрі жоқ. Бұрынғы жолды қырып, бәрін үйіп қойды. Оның азабын біз көріп отырмыз. Қоқыс шығаратын, кәріз суын жинайтын бірде-бір көлік кіре алмайды. Жаңбыр жауса,иленіп тұр. Балаларға да сабаққа бару қиын",- дейді қала тұрғыны Аман Төребаев.

Ал мердігер компания  жұмыстың тоқтап қалғанын қолайсыз ауа райынан көреді. Жауын-шашын басылған бойы жалғастыратындарын айтты. 

"Жөндеу жұмыстары маусым айының аяғында басталды. Ұзындығы 1 км 700 метр жолды жасауымыз қажет. Талап бойынша  қиыршық тас пен құм төсейміз. Екі қабат асфальт жабындысы болуы керек. Одан бөлек  жолдың жиегіне жаяу жүргінші жолы болады",- деді мердігер компанияның өкілі Алтай Мырзажанов.

Жобаның құны- 260 млн теңге.  Барлық жұмыстар  қазан айының ортасында аяқталуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу