Ақтөбеде ұлын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды

246

Ол жазасын қауіптілігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді.

Ақтөбеде ұлын өлтірген әке өмір бойына бас бостандығынан айырылды Фото: inbusiness.kz

Қылмыстық істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Нұрлан Бақтығалиев қарады.

Соттың үкімімен Артур Ахунов Қылмыстық кодекстің 99 бабы 3 бөлігімен кінәлы деп танып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Естеріңізге салсақ, оқиға өткен жылдың желтоқсанында болған еді. Артур Ахунов ұлымен бірге жалдамалы пәтерде болған. Ұлының салқын тиіп ауырған бала мазасы қашып, әрі әжесінің үйінде қалған бауырларын іздеген қылығына шыдамай, кәмелеттік жасқа толмаған ұлын ауыр затпен басынан-самай тұсынан, қолымен ішінен ұрған. Артынша, қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында баласының мүрдесін қаланың шетіне апарып, тереңдігі екі метр болатын шұңқырға көмген.

Бес күннен соң Артур Ахунов ұлын үйдің ауласында жүрген жерінен жоғалып кетті деп құзырлы орындарға хабарлаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін ұлының өліміне күдікті әке сотта соңғы сөзін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу