Ақтөбеде жемқорлардан тәркілеген ақшаға спорт алаңын ашты

264

Құны 47 млн теңге тұратын workout-алаңы триатлон саябағында ашылды. 

Ақтөбеде жемқорлардан тәркілеген ақшаға спорт алаңын ашты Фото: Ақтөбе облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

"Ақтөбе" ӘКК" АҚ бұрынғы басшылығымен "Ақтөбе қаласында коттедж қалашығын салу" инвестициялық жобасын іске асыру барысында жер учаскелерін төменгі бағамен жүзеге асыру жөніндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтаған болатын. Кейін лауазымды тұлғалар келтірілген залалды өтеген. Тәркіленген197 млн теңгенің 150 млн теңгесі Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылындағы мектеп құрылысын аяқтау үшін пайдалану туралы шешім қабылданған. Қалған 47 млн теңгесіне Ақтөбе қаласында Workaut алаңын ашуды жоспарланған еді.

Жаңадан ашылған "стрит воркауттың". бір артықшылығы- ол жерде тек жаз мезгілінде ғана емес, қыста да барып жаттығуға болады.

"Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтан өтелген қаражатты қоғамның пайдасына бағдарлау туралы тапсырма бергені белгілі.  Ол біздің өңірде орындалып жатыр. Мұндай үлкен воркаут-алаңның ашылуы аймақта спорттың дамуына серпін береді деп үміттенеміз", - деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Есқали Саламатов.

Жаңа нысанның  ашылуына орай "Tartyl Fest" т фестивалі ұйымдастырылып, оған  18 бен 40 және одан жоғары жастағылар қатысып, турникке тартылудан жарысты. Жеңімпаздарды үш санат бойынша  анықтап, марапаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу