Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қайтыс болды

385

Оқиға Самара-Шымкент бағытындағы  қалаға кіреберіс жолында болған. 

Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам қайтыс болды Фото: Облыстық полиция департаменті

Жол апаты кезінде Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысқан. Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың хабарлауынша, зардап шеккен азамат жабық бас ми жарақатын, жамбасы сынып, екінші дәрежелі шок алған. Комаға түскен. Қазір дәрігерлердің бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу