Ақтөбенің экс-әкімі сотталды

434

Соттың үкімімен Ермек Имантаевқа  8 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ақтөбенің экс-әкімі сотталды Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басқарма төрағасы (Ақтөбе облысының бұрыңғы әкімі) Е.Имантаевқа  қылмыстық кодекстің " Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде ұрлады деген айып тағылған болатын. 

Сот барысында Е.Имантаев Ақтөбе ӘКК басқарма төрағасы бола тұра, "Садовое" тұрғын үй алабында орналасқан көлемі 24 га жер учаскесін, бағасын 10 есе түсіріп заңсыз түрде сатқан.
Сотталушы жердің нарықтық құнын қасақана 20 млн теңгеге дейін төмендетіп, жер учаскесі туралы жалған ақпарат ұсынып, төлемдің жасалмағанына қарамастан, жалған сатып алушы С.-пен заңсыз сатып алу-сату келісімшартын жасаған.

Осылайша экс-әкім мемлекетке 199,4 млн теңге сомасына аса ірі мөлшерде залал келтірген.

Мемлекеттік айыптаушы соттан  Ермек Имантаевты 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Судья жазаны тағайындау кезінде сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұрын сотталмағанын және сотталушының денсаулық жағдайын ескерді.

Е. Имантаев өз кінәсін мойындамады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу