Ақтөбенің Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды

375

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Ақтөбенің Темір ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: ҚР ТЖМ

Темір ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс шұғыл отырысының хаттамасы негізінде Темір ауданы аумағында 2024 жылдың 28 наурызынан бастап жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай жарияланды.

Қардың көп мөлшерде еруі 25 наурыздан байқалып, 28 наурыз күні Ойыл, Темір, Бабатай өзендері өз арнасынан шығып, Шұбарқұдық, Алтықарасу, Қайыңды, Саркөл ауылдық округтеріне қарасты елдімекендерде тұрғын үйлерді су алды.

Қазіргі таңда су тасқынына қарсы күресте тиісті жұмыстар атқарылуда. Зардап шеккен тұрғындарға тиісті көмек көрсетілетін болады. Темір ауданының әкімі Саламат Аманбаев барлық тұрғындарды сабырлыққа, үрей бой болдырмай, бұл кезеңнен ауызбіршілікпен шығуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу