Ақтөбенің тұрғыны трактор жасап шығарды

535

Ақтөбенің Сарыжар ауылында қарапайым тұрғын шағын трактор құрастырып шығады. Өнертапқыш Нариман Мөңкебаев - Мәртөк ауданы Сарыжар ауылының тұрғыны. Мамандығы темір жонушы жігітке  техника құрастыру туралы ой 2021 жылы келіпті.  

Ақтөбенің тұрғыны трактор жасап шығарды Фото: inbusiness.kz

Бір күні клиент келді. Қытайда шығарылған трактрының бір бөлшегі сынып қалыпты. Ондай бөлшек бізде жоқ, әрі детальдары да қиын екен. Сосын әрі-бері ойланып, өзіміздің  бөлшектерді қолданып отырып, тракторды құрастыруға болады екен ғой деген ой келді. Солай алғаш рет шағын трактор құрастырып шықтым.  Бөлшегінің бәрі өзімізде өндіріледі, тек доғалағын ғана көрші Ресейден алдырамыз, - дейді Нариман Мөңкебаев.

Өнертапқыш осы уақытқа дейін бес шағын трактор құрастырып шығарыпты. Әуелгісінде он бес аттың күші бар. Қазір әрі қарай жетілдіріп жатыр. 2021 жылы мемлекеттік грант ұтып алып, шағын цех ашып, станоктар сатып алған. Алғашқы техникасын қазір көрші аудандағы шаруа қожалықтары сатып алып, қолданып  жатқанын айтты. Тракторға келсек, мүмкіндігі көп. Шағын көліктің тек ауыл шаруашылығына ғана емес, құрылыста да көмегі зор. Ауыр заттарды көтергіші, жер қопсыратынын құрылғысы, балшық илейтін тетігі бар. 

Нарықтағы құны – 2 млн теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу