"Ақылды қалалар" рейтингінде Астана мен Алматы көш бастады

586

Қазақстанда Smart city жобасы бойынша өңірлер рейтингі жасалды.  

"Ақылды қалалар" рейтингінде Астана мен Алматы көш бастады Фото: skylineuniversity.ac.ae
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
 

"Smart city бойынша рейтинг жасалып, Астана и Алматы алдыңғы орынға шыққанын көріп отырмыз. Тізімде Қостанай и Атырау соңғы орынға табан тіреді. Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет", - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Бағдат Мусин Smart city жобасының тиімді тұстарына тоқталды. Оның сөзінше, видеобақылау жүйесімен 10 моноқала мен 58 аудан қамтылған. Ал, е-билеттеу жүйесі барлық облыс орталықтарында іске қосылды.

Еске салайық, осыған дейін 40 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу