Ақылы жолдарда гуманитарлық жүк тасу үшін 40-тан астам өтінім түскен

252

Естеріңіз сала кетейік, ақылы жолдар 2024 жылдың 24 сәуірінен бастап 5 мамырға дейін тегін болады.

Ақылы жолдарда гуманитарлық жүк тасу үшін 40-тан астам өтінім түскен Фото: Pixabay.com

2024 жылғы 24 сәуірде "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ су тасқынынан зардап шеккен облыстарға гуманитарлық көмекті жеткізетін жеке және заңды тұлғаларға ақылы жолдар тегін болатынын мәлімдеді. Бүгінгі таңда ақылы жолдарда гуманитарлық жүкті тасу үшін 40-тан астам өтінім келіп түскені белгілі болды, деп хабарлайды inbussiness.kz сайты.

Гуманитарлық көмектің көбі еліміздің батыс және солтүстік өңірлеріне бағытталған. Шымкент, Алматы, Өскемен, Орал, Түркістан және Астана қалаларынан келіп түскен негізгі өтінімдер "Шымкент-Құлсары", "Шу-Петропавл", "Алматы-Орал", "Талдықорған-Петропавл", "Өскемен-Петропавл", "Астана-Петропавл" бағыттары арқылы жеткізіліп жатыр.

Жүргізушілер аймақтарға азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлермен және басқа да қажетті заттарды жеткізуде.

Ақылы жолдарда тегін жүру мүмкіндігін пайдалану үшін көлік жүргізушілері 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыруы қажет. Өтінім берген кезде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірін және жоспарланған бағытты көрсету керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу