banner

Алаңнан қуылған Криштиану Роналду бес матчтан шеттетілді

704

Алаңнан қуылған Криштиану Роналду бес матчтан шеттетілді

Мадридтің "Реал" командасының шабуылшысы Испания  корольдігі футбол  федерациясының шешімімен бес матчтан шеттетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің суперкубогы үшін болған "Барселонамен" ойында португалдық  матчтың 88-минутында қарсыластар қақпасы маңында әдейі құлағандығы үшін алаңнан қуылды. Төреші Рикардо де Бургос Бенгоэчеаның  бұл шешіміне наразы болған футболшы оны арқасынан итеріп жіберген. Бұл оқиға матчтың хаттамасына кіргізілді. Нәтижесінде федерация Роналдуды бес ойыннан (бір ойынға - қызыл карточка және төртеуі - төрешіге шабуыл) шеттетті.

Кездесу жексенбі, 13 тамызда "Камп Ноу" стадионында болды. Матч қонақтардың жеңісімен аяқталды. Есеп -3:1. "Реал" мен "Барселона" қарымта ойынды Мадридте 17 тамызда өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу