Алаяқ мердігер Шымкенттегі жерлеу орындарынан 36 млн теңге пайда тапқан

502

Шымкентте ЖШС басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Алаяқ мердігер Шымкенттегі жерлеу орындарынан 36 млн теңге пайда тапқан Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

11.03.2022 жылы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің Аппараты мен ЖШС арасында "Жерлеу орындарын күтіп ұстау" бойынша келісімшарт жасалған.

Сонымен бірге 2021-2023 жылдары Әкім Аппараты пен аталған Серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 млн. теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген.

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, Тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған.

Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 млн. теңгені құраған.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу