Александр Недовесов Португалияда ATP 250 турнирінің чемпионы атанды

108

Александр Недовесов Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінде топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Александр Недовесов Португалияда ATP 250 турнирінің чемпионы атанды Фото: ҚТФ

Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген еді.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт финалда доданың 2-ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребулмен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда Недовесов – Эскобар екі рет брейк жасап, алға шыққанымен, қарсыластары таразы басын теңестіріп отырды. Дегенмен есеп 5:5 болған мезетте тағы бір брейкке қол жеткізген Александр мен Гонсало өз геймін де ала білді – 7:5.

Екінші сетте олар 5:1 есебімен алға кетті. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 6:2.

Осылайша, 30 наурызда Испаниядағы Жирона челленджер додасында үздік шыққан Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар енді одан бәсі жоғары жарыста жеңімпаз атанып отыр.

Қазақстандық теннисші осы табысы арқасында дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде 39-орынға көтеріледі. Бұл оның рекордтық көрсеткіші болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу