Әлемде түйе емдейтін алғашқы аурухана ашылды

908

Әлемде түйе емдейтін алғашқы аурухана ашылды

Дубай қаласында әлем бойынша тұңғыш рет түйе емдейтін Dubai Camel Hospital аурухана ашылды, деп хабарлайды islam.kz.

Аталмыш аурухана бір мезгілде 20 түйені емдейді. Соңғы құралдармен жабдықталған медицина мекемесінің құрылысына 40 млн дирхам, яғни, 11 млн доллар қаржы жұмсалған.

Айта кетсек, түйе Біріккен араб әмірлігінің символдарының бірі. Яғни, араб мәдениетінің ажырамас бөлігі. Бұл елде төрт түліктің төресі – түйенің құны бәссаудада бірнеше миллион долларға шарықтайды. "Шөл кемесі" атанған әрі қасиетті Құранда аталған маңғаз жануарға жасалатын аталған ауруханадағы отасы 1000 долларды құрайды, ал рентгенге түсірсеңіз қалтаңыздан 110 доларды санап бересіз. Аталмыш аурухана бұдан бөлек түрлі зерттеулермен шұғылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу