Әлеуметтік желіде онлайн-казино өткізген ақтөбелік тұрғын 4 жылға сотталды

127

Айыпталушы тікелей эфирде азаматтарды құмар ойындарға қатысуға ашық түрде шақырып отырған.    

Әлеуметтік желіде онлайн-казино өткізген ақтөбелік тұрғын 4 жылға сотталды Фото: pixabay.com

Ақтөбеде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған әйелге қатысты үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот мәліметінше, айыпталушы әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино ұйымдастырған.

"Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру") бойынша қылмыстық іс қаралды. Ойыншылардан банк шоттарына аударылған қаражаттың жалпы көлемі 52 млн теңгеден асады", – делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында айыпталушы кінәсін ішінара мойындады. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, банк үзінді-көшірмелерімен және іс материалдарына тіркелген өзге де фактілермен толық дәлелденген.

Сот үкімімен әйел 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Алайда кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жаза өтеу 4 жыл мерзімге кейінге шегерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу