Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды

743

Әли Ахмедовтің қарсыласы анықталды

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Әли Ахмедовтің (6-0, 4 КО) АҚШ-та қолғап түйістіретін алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
21 жастағы Ахмедов рингке 22 шілдеде шығатын болды. Boxrec.com сайтының мәліметінше, ол 40 жастағы америкалық Брэд Остинмен (Brad Austin) кездесу өткізеді. Америкалық 36 жекпе-жегінде 12 рет жеңіске жеткен (9 КО) және 24 рет жеңіліске ұшыраған, оның тоғызын уақытынан бұрын аяқталған. 
Жекпе-жек Шарлотт қаласындағы (Солтүстік Каролина штаты) бокс кешінің аясында өтеді деп жоспарланған. Ахмедов АҚШ-та тұңғыш рет жұдырықтасады.
Бастапқыда Ахмедовтің жекпе-жегі 30 шілдеде Миннеаполисте өтетіні және бәске Бүкіәлемдік бокс кеңесінің  (WBC) белбеулерінің бірі NABF тігіледі делінген еді. Алайда әзірше бізге белгісіз бір өзгерістер болғанға ұқсайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу