Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті

150

Тұрғындар жол, кәріз және жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Алматы әкімі Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданына жұмыс сапары барысында Shahar City тұрғын үй кешені мен Қарасу шағынауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде жол және инженерлік инфрақұрылым, абаттандыру мәселелері мен тұрғындардың ұсыныстары талқыланды.

Shahar City тұрғындары инженерлік желілерді коммуналдық меншікке беру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. Сондай-ақ қазандықтың жұмысы, көшелерді жарықтандыру, жолдарды кеңейту және тұрғын үй кешеніне кіреберіс жолдарды жақсарту мәселелерін көтерді. Бұдан бөлек, әлеуметтік дүкендер ашу туралы ұсыныс айтылды.

Ал Қарасу шағынауданында тұрғындар жол жөндеу, кәріз жүйесін дамыту, көл аумағын абаттандыру және автобус аялдамасын орнату мәселелеріне назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне тұрғындардың өтініштерін жан-жақты қарастырып, нақты шешімдер әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалу мерзімін бақылауды жүктеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу