Алматы автобустары ақылды камералардың санын арттырады

716

Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында 120 және 63 екі  бағыттағы  4 автобусқа 8 камера орнатылды.  

Алматы автобустары ақылды камералардың санын арттырады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында,  қалалық мобильділік Басқармасының басшысы Ерлан Әділов пен Алматы қаласының цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев мәлімдеді.  

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімшілігі қала аумағында коронавирус инфекциясын таратпау, коронавирустың екінші толқыны кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуде. Қала аумағын ауқымды дезинфекциялау, түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ коронавирус  инфекциясымен күреске IT технологияларын енгізу жүргізілуде. Мысалы, ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылған қоғамдық көліктердегі маска режимін бақылау бойынша пилоттық жобаны айтуға болады.

"Пилоттық жобаны жүзеге асыру барысында 120 және 63 екі  бағыттағы  4 автобусқа 8 камера орнатылды. Жұмыс нәтижелері бойынша маска режимін сақтамаған 1773 жолаушы тіркелді. Олардың ішінде 1106 жолаушы маскасыз жүрсе, 667 адам оны дұрыс тақпаған. Бұл жүйе масканың бар-жоғын және  дұрыс таққан-тақпағанын анықтады. Жүргізілген жұмыс барысында сөгіс алған жүргізушілерге 3 ескерту жасалды", – деді Ерлан Әділов.

Жобаны іске асыруда нақты  іс-шаралар жүзеге асырылғанын айтты. Бейнебақылаудан  маска тақпаған жолаушыны анықтап, тиісті  ақпаратты диспетчерлік қызмет постына жіберіледі.  Қызметкерлер жедел режимде жүргізушіге маска тақпаған жолаушы туралы хабарлайды. Жүргізуші тоқтаған кезде жолаушыларға маска тағуды ұсынады. 

Осы жобаны сәтті жүзеге асыру нәтижесінде,  қыркүйек айының соңына дейін автобустар ішіндегі инновациялық жүйесі бар осындай камералардың санын арттыру жоспарлануда. Осыған байланысты "Алматы қаласының Көлік холдингі" ЖШС мен "Қазақтелеком" АҚ арасында 8 маршруттың 32 жылжымалы бірлігінде қосымша камералар орнату бойынша келісімге қол жеткізілді. 

Өз кезегінде Алматы цифрландыру Басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев,  жүйенің мақсаты - қазіргі жағдайда маска тағу  мәдениетін енгізу екенін айтты. 

"Егер біз бұл жабық кеңістік екенін және онда шектеулі адамдар бар екенін көрсек, онда адамдар маска тағуға үйренуі керек. Бұл жерде ең алдымен, тұрғындар мен автобус жүргізушілерін жазалау емес, керісінше,  пандемияның таралуын болдырмау екенін дұрыс түсіну керек.  Адамдар әрқашан масканың бар-жоғын бақылайтын жүйенің назарында болуы мүмкін екенін түсінуі  тиіс. Пандемияның екінші толқыны басталмас бұрын, осыған жақсылап  дайындалғанымыз өте маңызды", – деді Баян Қоңырбаев.

Сонымен қатар, ол жеке деректерді беру кезінде жүйе бет биометриясын пайдаланбайды деп сендірді. Қазіргі уақытта түрді тану жүйеде қолданылмайды. Жүйе автобустағы адамдардың жалпы санын көреді.

Аталған платформа – машиналық оқыту және жасанды интеллект технологияларын қолдану негізінде әзірлен қазақстандық шешім екенін айтып өткен жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу