Алматы экономикасы 5,0%-ға дейін өседі деп күтілуде

Салықтық түсімдер 42,1%-ға өсіп, 3 581,2 млрд теңгені құрады. 

Алматы экономикасы 5,0%-ға дейін өседі деп күтілуде Фото: 365Info

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласы әкімінің  орынбасары Әлішер Әбдіқадыров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Мегаполис республика өңірлері арасында жетекші орынға ие, биылғы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,2%-ға дейін өсті", – деді спикер.

Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, өсімнің драйвері өңдеуші өнеркәсіп саласы болды.

Қала экономикасында үлкен үлес саудаға тиесілі. Бұл ретте көтерме сауданың 6,0%-ға ұлғаюы есебінен жалпы сектор 5,6%-ға дейін өсті.

"Экономиканы қалпына қарқынды түрде қалпына келе бастады. Бұған ең алдымен салық түсімдерінің артуы ықпал етті. Салық түсімдері 42,1%-ға өсіп, 3 581,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде ШОБ субъектілерінен түсімдер – 49% артты", – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Инвестициялық белсенділік жеке инвестициялардың 16%-ға өсуінен есебінен артты. Бұл ретте бірінші жартыжылдықта тікелей шетелдік инвестиция 32% өсіп, 2,3 млрд долларды құрады.

"Жалпы жыл басынан бері қала экономикасына 1,2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Алматы экономикасы 5,0%-ға дейін өседі деп күтілуде", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу