Алматы кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты

Алматы кәсіпкерлер палатасына Әуез Тайымбетов төраға болып сайланды. 

Алматы кәсіпкерлер палатасының басшысы ауысты Фото: zakon.kz

Бұрынғы төраға Айтуар Қошмамбетов жаңа қызметке ауысуына байланысты өкілеттігін тоқтатты. ӨКП төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Әуез Тайымбетов "Атамекен" ҰКП орталық аппаратында жұмыс істеген.

Әуез Бағбанұлы Тайымбетов 1989 жылы 15 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Халықаралық қатынастар, халықаралық құқық мамандығы бойынша (2011 ж.); және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Алматы қаласын экономика мамандығы бойынша білім алған.

Әр жылдары құрылыс, өндеу, өндіріс, трейдинг, сауда т.б., салаларында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу