Алматы облысында 362 саяжай елді мекендерге қосылды

357

Өңірде барлығы 674 саяжай бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында 362 саяжай елді мекендерге қосылды Фото: advantour.com

Қарасай ауданында — 200, Іле ауданында — 157, Талғар ауданында — 152, Еңбекшіқазақ ауданында — 135, Жамбыл ауданында — 21 және Қонаев қаласында — 9 саяжай учаскесі бар.

Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Алматы облысының 362 саяжай учаскелерінің аумақтарын қамтитын қала құрылысы құжаттамасын әзірледі.

Олар негізінен Алматыға жақын Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ пен Жамбыл аудандарында орналасқан. 

Мәселен, Іле ауданында сегіз елді мекенге 88 саяжай, Қарасай ауданында 101 саяжай 6 елді мекенге, Талғар ауданында 93 саяжай учаскесі 6 елді мекенге және Еңбекшіқазақ ауданында 35 саяжай учаскесі екі елді мекенге қосылды. Сондай-ақ Қонаев қаласына 8 саяжай учаскесінің аумағы кірді. Тағы 36 саяжай жаңа құрылған Алатау қаоасына қосылды.

"2024-2025 жылдары қалған 313 саяжай аумағын жақын маңдағы елді мекендер шекарасына қосу кезең-кезеңімен жүргізіледі", — деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу