Алматы облысында ауыл әкімі тізгіндеген көлік жол апатына ұшырады

209

1 адам қаза тапты.  

Алматы облысында ауыл әкімі тізгіндеген көлік жол апатына ұшырады Фото: inform.kz

Желіде тараған мәліметке сәйкес, оқиға кезінде Панфилов ауылдық округінің әкімі Дулат Даулеталиев басқарған көлік аударылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға салдарынан 38 жастағы жолаушы қаза тауып, әкім мен 34 жастағы тағы бір жолаушы жарақат алған.

Талғар ауданы әкімінің аппараты бұл деректі растап, ресми түсініктеме берді.

 – Панфилов ауылдық округі әкімі түскен жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметші ауруханада, сондықтан уақытша қызметтік тергеу жүргізу мүмкін емес. Процессуалдық әрекеттер аяқталып, мемлекеттік қызметші жұмысқа шыққаннан кейін тәртіптік шара қолдану мәселесі Әдеп кеңесінің қарауына шығарылады, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу