Алматы соты Михаил Козачков ісі бойынша мәлімдеме жасады

459

Журналист мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты, жария етті деген күдікке ілінген.  

Алматы соты Михаил Козачков ісі бойынша мәлімдеме жасады Фото: zakon.kz

Журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы арызды қарау жабық сот отырысында өтеді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.

"Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы тергеу органдарының өтінішін қарау жабық сот отырысында өтеді. Өйткені ол мемлекеттік құпияны заңсыз жинады, таратты, жария етті (Қылмыстық кодекстің 185-бабы) деген күдікке ілінген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда қаржы мониторингі агенттігі Михаил Козачковты ұстады. Михаил Козачков Елдос Коспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдік келтіріліп отыр.

Сондай-ақ Козачковқа және басқа тұлғаларға қатысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз жинау және тарату фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу