Алматыда 200 жас домбырашы күй тартты

449

Наурызнаманың онкүндігі аясында Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театрында мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні атап өтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 200 жас домбырашы күй тартты Фото: Алматы әкімдігі

Еліміздің мәдениеті, өнері мен ұлттық құндылықтарына арналған кеште Әуезов ауданының "Даму Бала" шығармашылық үйірмелерінің тәрбиеленушілерінен құралған 200 жас домбырашы күй тартты.

Олардың ішіндегі ең кішісі – 6 жаста.

Мерекелік концерт барысынла Құрманғазының "Адай" және "Балбырауын", Ә. Желдібаеваның "Ерке сылқым", Н. Тілендиевтің "Әлқисса" және басқа да күйлері орындалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу