Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен қаққан жүргізушіге үкім шықты

143

Тергеу нәтижесінде Алатау аудандық соты жүргізушіні ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша кінәлі деп таныды.  

Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен қаққан жүргізушіге үкім шықты Фото: Видеодан скриншот

Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 7 жастағы қызды қағып кеткен жүк көлігі жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға биыл 2 сәуірде Алатау ауданында орын алды. Renault маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Боралдай көшесімен келе жатып Новая көшесінің қиылысында жолдан өтіп бара жатқан 7 жасар қызды анасының көзінше басып кетті.

Айыпталушыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу