Алматыда 84 мыңнан астам апатты ағаш бар

Оның 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулада өседі. 

Алматыда 84 мыңнан астам апатты ағаш бар Фото: Алматы қаласының әкімдігі

 Алматы әкімдігі апатты ағаштарды тексеру және кесу мәселесін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz. 
 
Түгендеу мен жасыл желектер тізіліміне сәйкес Алматы аумағында 4 млн-нан аса ағаш өседі. Бұл ретте 84 мыңнан астам апатты ағаш бар, оның 35 мыңы көше бойында, 49 мыңы аулада. Бұл туралы қалалық экология және қоршаған орта Басқармасының жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаев баспасөз турында айтты.
2022 жылы қалада апатты ағаштарды кесудің бес жылдық жоспары бекітілді. Жоспар бойынша 2022 жылы магистральдық жолдар бойында, саябақ аймақтарында және аулаішілік аумақтарда 6 мың апатты ағаш кесіліп, кесілген ағаштардың орнына 68 мың көшет отырғызылды.

"Биыл басқарма 16 925 мың дана апатты ағаштарды кесуді жоспарлап отыр және кесілген ағаштардың орнына 169 250 мың көшет отырғызуды жоспарлап отыр", - деді спикер.

Бүгінгі күні кестеге сәйкес жалпыға ортақ жерлердегі апатты ағаштарды кесу жұмыстары басталды. 33 бригада тартылған, барлығы 180-ден астам адам жұмыс істейді. Жұмыс басталар алдында жақын маңдағы үйлердің тұрғындары құлағдар болады, жол ескерту белгілері орнатылады және барлық қауіпсіздік шарасы сақталады.

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, апатты ағаштарды кесу жөніндегі жұмысты бастамас бұрын экологиялық мәселелерді шешу үшін Ботаника және фитоинтродукция институты және экобелсенділер апатты ағашты мұқият тексереді.

"Ағаштың сау немесе апатты жағдайда екенін көзбен көріп анықтау әркез мүмкін емес. Сондықтан ағаштың өзегінде немесе тамырында шіріктің болуын анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғы бұрғы бар. Қалалардағы жасыл кеңістіктің жасы табиғатқа қарағанда төмен. Өйткені қалада ағаштар ауыр металдарды сіңіреді және әртүрлі механикалық зақымға ұшырайды. Қатты желдер мен басқа да ауа-райының қолайсыздығы кезінде ауру ағаштар құлап, ғимараттарға, құрылыстарға зиян келтіруі, сонымен қатар, адам шығынына әкелуі мүмкін", - деді Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі Нұржан Мұхамадиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу